Талғарда биатлоннан чемпионат өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талғарда биатлоннан чемпионат өтті

15.02.2021

Алматы облысының Талғар қаласында биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық чемпионат аяқталды. Байрақты бәсеке Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орайластырылған. Біріншілікке еліміздің 7 облысынан жастар мен жасөспірімдер қатысты. Чемпионат ақпанның 9-ы мен 14-і аралығында өтті. Кеше соңғы жарыс күнінде эстафета жеңімпаздары анықталды. Жалпыкомандалық есеп бойынша Ақмола облысының спортшылары жүзден жүйрік шықты. Ал одан кейінгі орындарды Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстары иеленді. 

Арина Крюкова, спортшы:
Әрине, мұндай жарыстарда жеңіске жету - біз үшін қуанышты оқиға. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған чемпионаттың нәтижесіне көңілім толды. Барлық сайыста барлық спортшының басып озуы мүмкін емес. Бірақ мұндай шаралар арқылы өзіңді жігерлендіріп, келесі байқауда бұдан жақсы өнер көрсетуге тырысасың.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу