Биатлон. 15 шақырым: Галина Вишневская-Шепоренко мәреге 44-ші болып келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биатлон. 15 шақырым: Галина Вишневская-Шепоренко мәреге 44-ші болып келді

07.02.2022
Биатлон. 15 шақырым: Галина Вишневская-Шепоренко мәреге 44-ші болып келді

Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан 15 шақырымдық жарыс аяқталды. Жекелей сында жарыс жолына шыққан Галина Вишневская-Шепоренко мәреге 44-ші болып келді. 

Олимпиада алтынын Дениз Херманн (Германия) иеленсе, күміс жүлде Анаис Шевлье (Франция), Марта Ройзелланд (Норвегия) қола жүлдегер атанды.

Енді Галина Вишневская-Шепоренко 11 ақпан күні 7,5 шақырымдық жарысқа қатысады.

Ертең биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасының мүшелері А.Мухин мен В.Киреев 20 шақырымдық жекелей сында бақ сынайды

Хабарламаларға жазылу