Қызылордада робототехникадан чемпионат өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада робототехникадан чемпионат өтті

12.04.2019

Оған 6 жастан бастап 18 жасқа дейінгі балалар қатысты. 350 өнертапқыш 7 түрлі секция бойынша сынға түсті.

Қармақшы ауданынан келген Бекнұр - жарыстың ең жас қатысушысы. 6 жастағы балақай аудандағы робототехника үйірмесіне барады. Сайыс барысында Бекнұр құрастырған роботтар көпшіліктің назарына ілінді. Ал, ғылыми жобалар бойынша қатысқан оқушылар желдеткіш, балама энергия көздерімен жұмыс істейтін наубайхана, шөп оратын машинаны бақылайтын ауыл шаруашылығы базасын ойлап тапқан. Бұл жобалардың барлығы смартфон арқылы басқарылады. Турнир қорытындысында жеңімпаз атанған екі оқушыға «Болашақ» университетінің «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша ректор гранты негізінде арнайы сертификат табысталды. 

Әлима Әбдіхалықова, «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы:

- Тек қана мектеп командалары емес, ауылдан, елді мекеннен келіп қатысып жатқан балалар көп. Олар бір- бірімен танысады, білімдерін жетілдіреді.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу