Биатлоннан Азия чемпионаты аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биатлоннан Азия чемпионаты аяқталды

01.02.2014
Биатлоннан Азия чемпионаты аяқталды

Алматыда биатлоннан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Құрлықтық сайыстың соңғы күні масс-старт бәсекелері өтті. Ерлер арасында Ян Савицкий алдына жан салмаса, жүлделі орындарды Антон Пантов пен Евгений Манахов өзара бөлісті. Әйелдер арасында Галина Вишневская чемпион атанса, Дарья Усанова екінші, ал Елена Хрусталева үздік үштікті түйіндеді. Өкінішке қарай, Диас Кенешев жақсы нәтиже көрсете алмады. Дегенмен, Ванкувер Олимпиадасында еліміздің көк байрағын ұстап шыққан спортшы Сочиге дайындық жаман емес, дейді.
 
Диас Кенешев, Биатлоннан ұлттық құраманың мүшесі:
Қазір Олимпиада алдындағы ең ақырғы дайындық жүріп жатыр. Бүгін қар қалың жауғандықтан, дайындық ауыр болып жатыр. Бірақ Сочиде жеңіл болады, деп ойлаймын.  

Хабарламаларға жазылу