Алматы облысының Талғар қаласында әкім сайлауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының Талғар қаласында әкім сайлауы өтті

12.06.2022

Ал, бүгін Алматы облысының Талғар қаласында әкім сайлауы өтті. Бұл туралы қала әкімдігі Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. Сайлау таңғы 7-де басталып, кешкі 8-ге дейін жалғасты.

Қалада 24 сайлау учаскесі құрылып, 84 байқаушы оның өту барысын қадағалады. Бұл лауазымға төрт үміткер өтініш білдірген. Оның үшеуі өзін-өзі ұсынғандар. Айта кетейік, Талғарда әкім сайлауы өткен жылдың қазан айында ғана болған еді. Соның нәтижесінде Қайрат Исабаев қала басшысы атанған. Ол сайлаушылардың – 53,5 пайыз дауысын жинаған. Алайда, тұрғындар сол кездегі сайлау комиссиясының адалдығына сенбей, азаматтардың дауысы дұрыс берілмеген деп есептейді. Ал, бұл жолғы сайлаудың нәтижесі бүгін түнде белгілі болады.


Хабарламаларға жазылу