Басты Жаңалықтар Қазақстанның Армения, Швеция, Бразилиядағы елшілері тағайындалды

Қазақстанның Армения, Швеция, Бразилиядағы елшілері тағайындалды

Қазақстанның Армения, Швеция, Бразилиядағы елшілері тағайындалды

Қазақстанның Армения, Швеция, Бразилиядағы елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының Жарлығымен:

Болат Иманбаев Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Сергей Нұртаев Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Мальта Республикасындағы, Сан-Марино Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Болат Нүсіпов Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Бөлісу