Алексей Цой тек қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тек қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтты,
«Қазақстанда вакциналауға жіберілген барлық екпелер тексерілген әрі қауіпсіз болып саналады. Өздеріңіз білесіздер, ресейлік «Спутник V» келді, Денсаулық сақтау министрлігі бойынша және өңірлердегі әріптестеріміз, сондай-ақ медициналық қызметкерлер вакцинаны салдырып жатыр. Бұл вакцина тиімді және қауіпсіз саналып отыр. Сонымен қатар Қазақстанда «QazCovid-In вакцинасы дайындалып жатыр. Оның технологиясы өзгешелеу. Бізде оған қатысты зерттеулер айрықша бақылауда тұр. Қазіргі кезде клиникалық зерттеудің соңғы үшінші фазасы жүріп жатыр, 3 мың ерікті екпе салдырды», - деді министр.
Осы орайда ол отандық вакцина бойынша жақсы нәтиже болып отырғанын жеткізді.
«Денсаулық сақтау министрі ретінде қазақстандық вакцинаны қолдағым келді. Вакцина шыққан кезде, яғни бізде ресми түрде жіберілгенде алғашқылардың қатарында оны салдырамын», - деді Алексей Цой.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасына қаржылай көмек көрсетеді
25.09.2026, 10:19
Каспийдегі әскери қызметшілерді іздеуге 252 адам жұмылдырылды
25.09.2026, 10:18
Бас прокуратура: 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды
25.09.2026, 10:12
Әзербайжан Қазақстан халқына көңіл айтты
25.09.2026, 09:13
Қаза тапқан әскерилердің отбасына Halyk қоры қолдау көрсетеді
25.09.2026, 09:12
Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасына қаржылай көмек көрсетеді
25.09.2026, 09:04
Әскери қызметшілердің қазасына қатысты тергеу жүріп жатыр
25.09.2026, 09:02
Қанат Бозымбаев жоғалған әскери қызметшілерді үздіксіз іздеуді тапсырды
25.09.2026, 08:39