Мемлекет басшысы ЕҚҚДБ президентімен кездесті
Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті. Онлайн форматтағы жүздесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Одиль Рено-Бассоны қаржылық институтқа президент болып сайлануымен құттықтады. Әңгімелесу барысында автомобиль жолдарын салу, жаңартылған энергия көздерін дамыту, Қазақстандағы гидроэнергетика мәселелері талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:-Еуропалық қайта құру және даму банкі - Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі. Екіжақты ынтымақтастық жылдарында қаржылық институт біздің елдің экономикасына, атап айтқанда 300-ге жуық жобаға 9 млрд доллардан астам инвестиция салды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, түрлі саладағы серіктестігіміз нығая түседі деген сенімдемін. Болашақта әріптестік аясында қандай іс-жоспарларыңыз бар?
Одиль Рено-Бассо, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті:-Біз Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнатып, жемісті жұмыс істеп келеміз. Сол үшін мен өте қуаныштымын. Банк Қазақстан Үкіметпен тығыз ынтымақтастық орнатуға және энергетика, инфрақұрылым, инвестиция салалары бойынша жобаларды белсенді дамытуға дайынбыз.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбелік зейнеткердің пәтерін алаяқтар алдап алған
30.06.2026, 17:20
Тараз әкімдігі аттракцион алаңдарына тоқ беруді тоқтатты
30.06.2026, 17:17
Абай облысында 65 медициналық нысан салынды
30.06.2026, 17:15
Туристік аймақтарды санитарлық бақылау қатаңдатылды
30.06.2026, 17:13
Пластикалық хирургия клиникаларын бақылау күшейтіледі
30.06.2026, 17:10
Түркістан облысында 59 гектар жер мемлекетке қайтарылды
30.06.2026, 17:07
Қазақстан мен Грузия ынтымағы жаңа деңгейге көтерілді
30.06.2026, 17:05
Е.Қарин ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының І орынбасарлығына тағайындалды
30.06.2026, 17:03