ШҚО-да қар құрсауында қалған 50 адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да қар құрсауында қалған 50 адам құтқарылды

05.02.2021
0:00:00
0:00:00

Шығыс Қазақстанда қыс басталғалы бері қар құрсауында қалған 50 адамға көмек көрсетілді. Олардың барлығы қатты боран соққанда тасжолдың бойында қалып қойған. Облыстағы төтенше жағдайлар департаменті және «Қазақавтожол» қызметкерлері жолды тазалап барып, көліктерді техникамен сүйреп шығарған. Ақтүтек боран салдарынан 14 рет жолдарды жабуға тура келді. Синоптиктер алдағы 2 күнде де аймақта ауа райы қолайсыз болатынын ескертті. 

Гүлнұр Ерланова, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының операторы:
6-7 ақпанда ауа райы облыс бойынша жауын-шашын болады, бұрқасын болады. Көктайғақ, тұман күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрден 23 метрге дейін жетеді.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу