Шілде айынан бастап әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шілде айынан бастап әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс енгізіледі

31.01.2021

Биыл шілдеден бастап әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс енгізіледі. Бұл құзырлы мекемелерге есесі кеткен адамдардың құқын қорғайтын заң. Оны іске асыру үшін өңірлерде жаңадан 21 мамандандырылған әкімшілік соты ашылады.

Қарапайым тұрғыннан бастап, бизнес өкілдері, инвесторлардың құқы қорғалуы тиіс. Билік органдары тек жауапкер ретінде тартылады. Судьялар да даярланып жатыр. Әйтеуір құрылатын жаңа сот институты осылай декларацияланып отыр. Жұмыс істеп бастағаннан кейін «мемлекеттік машина таптап өтті» дейтін тіркес «әлсіреп», әділ шешімдер артса, «ешнәрсе өзгермейді» дейтіндердің үмітін жағатын өзгеріс болуы мүмкін. Азамат Алдоңғар баяндайды.


Хабарламаларға жазылу