Жеке тұлғаның мүддесі үшін жаңа кодекс әзірленуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеке тұлғаның мүддесі үшін жаңа кодекс әзірленуде

25.04.2018

Азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған жаңа заң жобасы дайындалуда. «Әкімшілік рәсімдік процестік кодекс» деп аталатын құжат жобасын бүгін Жоғарғы сот пен Әділет министрлігінің мамандары халықаралық сарапшы заңгер мамандармен бірге талқылады. Бірер айда Парламенттің қарауына жіберіп жыл соңына дейін қабылдау жоспарда бар. Бұл құжаттың ең басты ерекшелігі жеке тұлға мен мемлекет арасында келіспеушілік туындағанда сот қызметінің жеке азаматтарға көмегі көп болады. Арызданушы тұлғаларға қажетті көптеген құжаттарды алу үшін сот мемлекеттік органдарға арнайы сауал жіберіп жедел алдырта алады. Мұндай әкімшілік істерде арыз көбіне жеке азаматтардан түседі. Ал, олардың құқықтары мен мүдделері көбіне қорғаусыз қалады. Енді қабылданатын жаңа кодекс шағымданған тұрғындардың мәселесін жедел реттеуге әрі оң шешімін табуға септігін тигізеді.

Нұржан Жолдасбеков, Жоғарғы соттың мамандандырылған сот алқасының судьясы:

- Келешекте қабылданатын кодекс халыққа өз әсерін тигізеді. Себебі, азамат пен мемлекет арасындағы сұрақтарды тез арада шешеді. Әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібінде соттың рөлі өте үлкен. Сот азаматтың мүддесін қорғау жағында.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу