Су тасқынына байланысты АӘК алу мерзімі ұзарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқынына байланысты АӘК алу мерзімі ұзарды

10.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиісті жәрдемақыны алу автоматты түрде ұзартылады. Бұл туралы Республикалық штабта, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Мадияр Уақпаев хабарлады. Айтуынша, ведомство нормативтік құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізіп жатыр. Мемлекеттік көмекті алуға алғаш өтініш беретін азаматтар, электрондық үкімет порталына жүгіне алады деді. Сондай-ақ, сол өңірлерде, жеңілдетілген микрокредит алған жастарына шағын несиені төлеу мерзімі кейінге қалдырылады. Ал жұмыссыз жүргендердің білім деңгейі мен жасына қарай субсидияланатын жұмыс орындарының 6 түрі іске асырылып жатқанын хабарлады.

Мадияр Уақпаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілі:

Қазіргі кезде жұмыссыздардың білім деңгейі мен жасына қарай субсидияланатын жұмыс орындарының 6 түрі іске асырылуда: қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары. Төтенше жағдай кезеңінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыз адамдардың жалақысын еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушілерден мәліметтер талап етпей төлейтін болады.


Хабарламаларға жазылу