Оқушы сыныптасын абайсызда атып өлтірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушы сыныптасын абайсызда атып өлтірді

23.10.2017

Оралда оқушы бала сыныптасын байқаусызда атып өлтірді. 14 жастағы жасөспірім кеудесіне тиген оқтан қайтыс болды.

Қайғылы оқиға жұма күні кешкісін Деркөл шағын ауданында болған. 9-сынып оқушылары үйдегілерден «балық аулауға барамыз» деп сұранып кетіп, тоғанға барады. Сол жерде үйінен мылтық алып шыққан 14 жастағы ұл бала өзінің сыныптасын байқаусызда атып жібереді. Әзірге баланың қаруды қайдан, қалай алғаны тергеліп жатыр. Ал, оқиғаға куә болған үшінші бала қазір психологтың бақылауында. Қаза тапқан №12 орта мектептің оқушысы Владимир Машкин ертең жерленеді. Ал, байқаусызда қылмыс жасаған баладан ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынған.

Динара Абдулхалықова, Орал қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:

- Жасөспірім қалалық ауруханада «кеудеге салынған жарақат» диагнозымен көз жұмды. Қазір тергеу жүріп жатыр. ҚР ҚК 104-бабы «Абайсызда өлтіріп алу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу