Әскери қызметшілер бітімгерлік миссияларға дайындалып жатыр
Алматыда әскери қызметшілерді халықаралық бітімгерлік миссияларға дайындайтын оқу курсы өтіп жатыр.
Бағдарлама теориялық білім мен практикалық сабақтарды қамтиды. Оқу барысында қатысушылар бітімгерлік миссияларда қажет кәсіби дағдыларын жетілдіреді. Халықаралық курсқа Қытай, Пәкістан, Франция, Жапония және Армениядан келген әскери қызметшілер қатысып жатыр. Сабақта қазіргі қақтығыстардың ерекшеліктері, соның ішінде әйелдер мен ерлердің жағдайындағы айырмашылықтар қарастырылады. Сондай-ақ әскери қызметшілер қақтығыс және төтенше жағдай кезінде әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зорлық-зомбылықтың алдын алу, гендерлік теңдік қағидаттарын сақтау бойынша білім алады, дейді ұйымдастырушылар.
Айтолқын Әбдібек, бітімгерлік даярлық басқармасының офицері:
Гендерлік аспектілер. Гендерлік тепе-теңдік және қазіргі таңда заманауи қақтығыстар болуы мүмкін. Алдын алу, бейбіт тұрғындарды қорғау мақсатында заңды түрде біз оларды қалай қорғай аламыз, солардың бәрі талқыланып, осы жерде жеткізілді.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысына 120 дәрігер қажет
21.08.2026, 13:20
5 мыңдай науқас донор күтіп жүр
21.08.2026, 13:17
Вашингтон Тегеранға «тарихтағы ең қатаң санкция» жарияламақ
21.08.2026, 13:12
Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам бар
21.08.2026, 13:09
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай жүйелі өзгерістерге жол ашады
21.08.2026, 13:06
Халықаралық байқаушылар сайлауға дайындық барысымен танысты
21.08.2026, 13:03
Құрылтай сайлауы: Қалай дауыс беруге болады?
21.08.2026, 13:00
Қазақстанда азық-түлік тауарлары бағасының маусымдық төмендеуі байқалады
21.08.2026, 12:34