Вакцина салынар алдында қандай тексерулер болады - вице-министр жауап берді
Ақпан айынан бастап елімізде коронавирус инфекциясына қарсы екпе салу кезеңдері басталады. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен брифингте Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.
«Вакцинация жүргізер алдында дене температурасы өлшенеді, эпидемиологиялық анамнезді жинау, сатурацияны, жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысымды өлшеу, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесін аускультациялау және жұтқыншақты тексеру шаралары жасалады. Егер температура 37°C-тан асса, вакцинация кейінге қалдырылады», - дейді вице-министр.
Айта кету керек, вакцинация 18 жасқа толмаған балаларға салынбайды.
Вакцинациялау 6 млн адамды қамти отырып, осы жылдың соңына дейін жалғасады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, бірінші вице-министрдің айтуынша, вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасына қаржылай көмек көрсетеді
25.09.2026, 10:19
Каспийдегі әскери қызметшілерді іздеуге 252 адам жұмылдырылды
25.09.2026, 10:18
Бас прокуратура: 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды
25.09.2026, 10:12
Әзербайжан Қазақстан халқына көңіл айтты
25.09.2026, 09:13
Қаза тапқан әскерилердің отбасына Halyk қоры қолдау көрсетеді
25.09.2026, 09:12
Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасына қаржылай көмек көрсетеді
25.09.2026, 09:04
Әскери қызметшілердің қазасына қатысты тергеу жүріп жатыр
25.09.2026, 09:02
Қанат Бозымбаев жоғалған әскери қызметшілерді үздіксіз іздеуді тапсырды
25.09.2026, 08:39