Алматы маңында құлаған АН-28 ұшағының апатқа ұшырауының себебі анықталуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы маңында құлаған АН-28 ұшағының апатқа ұшырауының себебі анықталуда

09.10.2017

Соңғы жылдары ұшақтардың әуе апатына ұшырауына әуе кемелері моторының тоқтап қалуы себеп болып жүр. Сондай-ақ, жерге жақын қашықтықта ұшу кезінде кедергіге соқтығысу мен техника жүйесінің сыр беруі қайғылы оқиғалардың санын көбейтуде. Бұл жайында журналистермен болған баспасөз жиынында Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр мәлімдеді. Бүгінде еліміз бойынша 600-ден астам әуе кемесі тіркелсе, олардың тең жартысының ғана ұшуға жарамды деген сертификаты бар. «Апаттардың көбеюіне кіші авиация парктерінің көбеюі де себеп болып отыр», - дейді вице-министр. Биыл Қазақстан аумағында кіші авиация саласында болған апаттардан 11 адам қайтыс болды. Алматы маңында құлаған АН-28 ұшағының апатқа ұшырауына не себеп болғаны анықталып жатыр. 

Жамбыл Исин, Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Апат болған аймақта жүріп жатқан дала жұмыстары аяқталды. Барлық мәліметтер мемлекетаралық авиациялық комитетке жолданды. Апта аяғына дейін жинақталған  мәліметтердің барлық параметрлері шығарылып, одан әрі сараптауға жолданады.Қорытындысы шыққанда қосымша хабарлайтын боламыз.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу