Дәрігерлер: Вакцина - коронавируспен күресудің пайдалы әрі тиімді тәсілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігерлер: Вакцина - коронавируспен күресудің пайдалы әрі тиімді тәсілі

25.01.2021

Сонымен қатар, одан бас тартсақ, елдегі эпидемиологиялық ахуал оңалмайтынын атап өтті. 

Зарина Алтынбекова, қалалық №4 емхана бас дәрігерінің орынбасары: 
-Вакцина алынған науқастардың вирус жұқтыру қаупі төмендейді. Ұжымдық иммунитет қалыптасады. Коронавирустық инфекцияның таралауына және де ауыр асқынулардың алдын алады. Осыған байланысты халық арасында вакцинацияның маңыздылығы жөнінде ақпаратты сауатты түрде жеткізулеріңізді сұраймын.  
Тимур Шәріпов, Талғар аудандық орталық ауруханасының эпидемиолог дәрігері: 
-Қазір елімізде індеттің өршіп бара жатқаны белгілі. Сондықтан көпшілікті вакцина салдыруға шақырамын. Бұл өте маңызды. Бұған бей-жай қарамауға шақырамын. Себебі, вакцина коронавируспен күресудің жалғыз жолы.  


Хабарламаларға жазылу