Вакцина – қауіпті вирустан қорғанудың тиімді тәсілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вакцина – қауіпті вирустан қорғанудың тиімді тәсілі

01.02.2021

Иммунитетті қалыптастырып, қауіпті вирустан қорғанудың тиімді әрі пайдалы тәсілі – вакцина. Әлемді жайлаған індеттен арылу үшін бұған бейжай қарамауымыз керек. Осылай деген дәрігерлер екпеден бас тартсақ, елдегі эпидемиологиялық ахуал оңалмайтынын атап өтті.

Айнагүл Қуатбаева, Х.Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми институтының директоры:
Осы вакцинаны жасайтын адамдардың санын көбейтсек, оны кеңейтетін болсақ, әрине біздің коллективті иммунитетіміз жоғарылайды, осы вирустың біздің адамзаттың немесе популяцияның арасына түскен кезде өзіне қажетті ағза таба алмастан, осы қоршаған ортадан жойылып кетуіне дейін мүмкіншілік болады деп ойлаймын.
Әлімжан Тұтқабай, дәрігер-терапевт:
Бүкіл дүние жүзі вакцина салдырып жатыр. Аурудың алдын алу үшін, вируспен күресу үшін, иммунитетімізді көтеру үшін, жаппай вакцина салдыру маңызды. 

Хабарламаларға жазылу