Ресейде көлік апаты болып, 19 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде көлік апаты болып, 19 адам қайтыс болды

06.10.2017

Бүгін таңға жуық Ресейде үлкен көлік апаты болып, 19 адам қайтыс болды. Владимир облысының Покров стансасында қазақстандық автобус пен жолаушылар пойызы соқтығысты. Автобустың жүргізушілері - Қазақстан азаматтары. Олардың бірі Данияр Шілдебаев оқиға орнында көз жұмса, екінші жүргізуші Нұрғали Сарманов аман. Қайтыс болған 18 адам Өзбекстан азаматтары. Автобуста барлығы 57 адам болған. Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қызметкерлері оқиға орнына шұғыл барып, мән-жайды анықтауға кірісті. Көлік апатына байланысты Ресейдің Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғап, аман қалған жүргізушіден жауап алуда. Алдын-ала мәліметтер бойынша, теміржол өткелінен өтіп бара жатқанда автобус кенеттен бұзылып қалған. Жүргізушілер ұйқыда жатқан жолаушыларды оятқанымен, барлығы бірдей автобустан түсіп үлгермеген. Сол мезетте «Санкт-Петербург – Нижний Новгород» бағыты бойынша келе жатқан жолаушылар пойызының машинисі бірден тежегішті басқанымен, пойызды тоқтата алмапты.  
 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу