Хоккей: Дөрекілігі үшін қақпашы ойыннан қуылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хоккей: Дөрекілігі үшін қақпашы ойыннан қуылды

20.01.2021

«Номад» және «Құлагер» командалары арасындағы қарымта ойын төбелеспен басталды.  

Екі жақты теке-тірестің кесірінен дөрекілігі үшін «Номадтың» қақпашысы Владимир Крамарь матч соңына дейін ойыннан қуылды. Кездесу нәтижесінде меймандар жеңіске жетті. Қорытынды есеп 3:2. Жалпы бұл кездесу жүйкелері сыр берген хоккейшілердің төбелестерімен есте қалары анық. Нәтижесінде хоккейшілерге 152 минут айып уақыты белгіленді.   

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу