ЕУРО-2016. Футзалдан Қазақстан құрамасы қола жүлде үшін Сербиямен ойнайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕУРО-2016. Футзалдан Қазақстан құрамасы қола жүлде үшін Сербиямен ойнайды

12.02.2016
ЕУРО-2016. Футзалдан Қазақстан құрамасы қола жүлде үшін Сербиямен ойнайды

Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан футзалдан Еуропа чемпионатының жартылай финалында Қазақстан құрамасы Испания командасына есе жіберді. Қорытынды есеп – 5:3.

Бұл матчқа ойыннан шеттетілген қақпашы Игита мен шабуылшы Шыңғыс Есенаманов қатыса алмаған еді.

Енді сенбі, 13 ақпанда, Қазақстан 3-ші орын үшін Сербия командасымен кездеседі. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 23:20 тікелей эфирде көрсетеді.

 

Сонымен, Испания - Қазақстан 5:3 (3:1)

Голдар: Довгань 4 (0:1), Бебе 8 (1:1). Мигелин 17 (2:1), Кампос 18 (3:1), Алекс 27 (4:1), Лео 36 (4:2), Жаманқұлов 38 (4:3), Кампос 39 (5:3).

 

Ойыншылар:

Испания: Пако Седано, Хесус Эрреро, Хуанхо - Ортис, Марио Ривильос, Пола, Рауль Кампос, Хосе Руис, Бебе, Андресито, Рафа Усин, Лин, Алекс, Мигелин.

 

Қазақстан: Шамро - Лео, Дуглас, Жаманқұлов, Довгань, Сүлейменов, Першин, Кнауб, Гребонос, Пенгрин, Таку, Нұрғожин.

 

Төрешілер: Саша Томич (Хорватия), Эдуарду Фернандеш Коэлью (Португалия).

Хабарламаларға жазылу