«Барыс» қақпашысы Кевин Пулен: Жанкүйерлер үшін қызыққа әрі тартысқа толы ойын болса, біз ауыр матч өткіздік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Барыс» қақпашысы Кевин Пулен: Жанкүйерлер үшін қызыққа әрі тартысқа толы ойын болса, біз ауыр матч өткіздік

26.12.2016
«Барыс» қақпашысы Кевин Пулен: Жанкүйерлер үшін қызыққа әрі тартысқа толы ойын болса, біз ауыр матч өткіздік

Күні кеше ғана Астананың «Барысы» өз айдынында Магнитогорскінің азулы «Металлургін» қабылдап, 5:3 есебімен жеңіске жеткен. Матчтың қорытындысы жайлы канадалық қақпашы Кевин Пулен айтып берді.

«Жанкүйерлер үшін қызыққа әрі тартысқа толы ойын болса, біз ауыр матч өткіздік. «Шығыс» конференциясында көш бастап келе жатқан азулы командаға қарсы тұру оңай емес. Шабуылда сәтті өнер көрсетіп, қорғанысқа да сақтықпен қарадық. Осының арқасында үш ұпай алып, плей-офф кезеңіне жолдама алатын орыннан қозғалмадық. Дегенмен, 7-8-орындардың арасы да өте алыс емес. Бір ойыннан мүлт кетсең өкшелеп келе жатқан ұжым басып озады да кетеді», – дейді канадалық қақпашы.

Кевин Пуленнің Қазақстанға келгеніне бірнеше айдың жүзі болды. Жаңа командаға, жаңа елге бірден үйренісіп кету кімге болсын қиындау.

«Үш айға жуық уақыт ішінде Құрлықтық хоккей лигасына үйрендім деп сеніммен айта аламын. Ылғи да өзіңді жаңа қырыңнан көрсеткен жақсы. Әрине, стилі, ойын мәнері солтүстік америкалықтардан ерекшеленеді. Тек аздап сабыр сақтай біліп, жаттықтырушының айтқанын бұлжытпай орындасаң болғаны. Ұлттық хоккей лигасы (ҰКЛ) мен Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) айырмашылық мұз айдынының көлемінде. ҰКЛ-дің көлемі қысқа болғандықтан, сәйкесінше ойлануға да уақытың аз. Айдынның қай тұсынан соққы жасаса да голға айналуы әбден мүмкін», – деді легионер.

Хабарламаларға жазылу