Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады

19.01.2021
Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады

Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу шаруасын жеделдету мақсатында келесі бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр: 19 қаңтарда Спутник V вакцинасының 20 мың дозасын әкелу жөнінде Қарағанды фармкешені мен РФ тікелей инвестиция қоры келісімге келеді. 20 қаңтарда бұл вакциналарды «СҚ-Фармация» компаниясына арнайы тәртіп бойынша бір рет әкелуге рұсқат беру көзделген. Халықтың бұған дейін белгіленген топтарына 1 ақпаннан бастап коронавирус қарсы вакцина салу басталады», - деді Алексей Цой.

Министрдің айтуынша, жыл соңына дейін 6 миллионға жуық қазақстандық азаматқа вакцина салу көзделіп отыр.

Екпе алдымен инфекциялық ауруханалардың қызметкерлеріне, жедел жәрдем қызметінің мамандарына, жан сақтау бөлімінің, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің, ауруханалардың қабылдау бөлімінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандарына салынады. 

Екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне, ЖОО оқытушыларына, ведомстволық медицина қызметінің мамандарына, нақтырақ айтқанда наурыз айынан бастап шамамен 150 мың адамға екпе егіледі. Үшінші кезеңде мектеп-интернаттарының педагогтеріне, балалар мен мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлеріне, студенттерге, созылмалы аурулары бар азаматтарға (шамамен 600 мың адам) вакцинациялау жүргізіледі.

Төртінші кезеңде ІІМ, ТЖМ, БМ, ҰҚК қызметкерлері және стационарлардағы медицина қызметкерлері екпе алады. 

Бесінші кезеңде жабық балалар мекемелерінің қызметкерлері және созылмалы аурулары бар адамдарға вакцина салынады.


Хабарламаларға жазылу