Президент 8 министрліктің жауапты хатшыларын қызметінен босатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент 8 министрліктің жауапты хатшыларын қызметінен босатты

19.01.2021
Президент 8 министрліктің жауапты хатшыларын қызметінен босатты

Жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты Мемлекет басшысының бұйрығымен 8 адам қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты мемлекет басшысының өкімімен:

Жанат Мұратұлы Қожахметов – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы;

Марат Әбілахатұлы Оразаев – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы;

Қанат Маратұлы Сәрсембаев – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы;

Аида Дәденқызы Құрманғалиева – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;

Айдын Жұмабекұлы Ашуев – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;

Жәнібек Мақсұтұлы Нөпіров – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы;

Арман Дайырұлы Жұмабеков – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы;

Талғат Амангелдіұлы Момышев – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерінен босатылды.


Хабарламаларға жазылу