«Қорғас» орталығы 3 млрд теңге кірістен қағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қорғас» орталығы 3 млрд теңге кірістен қағылды

14.01.2021

«Қорғас» шекара маңы халықаралық орталығы пандемия салдарынан былтыр 3 млрд теңге кірістен қағылды. Орталықта сауда-саттық өткен жылдың қаңтарынан бері тоқтап тұр. Жауаптылардың айтуынша, тек «Қорғастағы» қызметкерлерге жалақы беріп, нысанды сақтап қалу үшін несие алынған. Компания биыл жергілікті шағын және орта бизнес өкілдерін іске тартуды жоспарлап отыр. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатындар үшін сауда мен қызмет көрсету саласында 15 жоба дайындаған. Сондай-ақ, бизнесмендерге «Қорғаста» дәмхана, хостел ашуға мүмкіндік берілмек.   

Ақерке Бектас                                                           


Хабарламаларға жазылу