Ақмола облысындағы туризм нысандары табысын жоғалтуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы туризм нысандары табысын жоғалтуда

19.05.2020

Туризм нысандары табысын жоғалтуда. Осы саладағы кәсіпкерлер қауіпсіздік шараларын жеңілдетуді талап етуде. Облыс шекаралары жабық болғандықтан демалушыларды қабылдай алмай отыр. Ақмола облысындағы демалыс және сауықтыру орындары 2 ай бойы жұмыс істемей тұр.

Шипажай 2 ай бұрын жұмысын тоқтатты. Наурыздан бері ешкімді қабылдай алмады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша әлеуметтік қызмет көрсететін мекеме бюджет есебінен демалушыларды өзге уақытқа ауыстырды. Енді жыл соңына дейін өз ақшасына келіп демалатындар үшін орын болмайды. Шипажай санитарлық талаптарды сақтауға әзір. Бірақ ол - қосымша шығын.

Бұл шипажай 2 айда шамамен 50 миллион теңге кірістен қағылды. Ал облыста барлығы 700-ден астам туристік нысан бар. Мамандар жылдағы көрсеткіштің жартысын орындасақ та жарар еді деп отыр.

Қазір нысандар бос тұр. Қызметкерлер жұмыссыз. Туризмге субсидия жоқ. Төтенше жағдай кезінде бұл салаға қосымша қолдау қарастырылған жоқ. Оларға тек өзге кәсіпкерлік нысандармен бірдей мемлекеттік көмек көрсетілді. Ал санитарлық талаптар қалайда сақталуы тиіс.

Ермек ЕЛБЕРГЕН


Хабарламаларға жазылу