«Қорғас» халықаралық орталығы қайта іске қосылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қорғас» халықаралық орталығы қайта іске қосылуы мүмкін

19.10.2021

«Қорғас» халықаралық орталығы «Ashyq» жүйесінің көмегімен қайта іске қосылуы мүмкін. Сонымен бірге Қазақстан аумағында орналасқан екі сауда үйін қайта ашу жоспарланып отыр. Алайда компания өкілдері «Қорғастың» биыл толығымен ашылмайтынын айтады.

Пандемияға дейін орталыққа келушілер 6 мыңға жеткен. Қытайдан тәулігіне 10 мыңға жуық адам келген. 2019 жылы Қорғасқа шамамен 4,5 млн адам барды.

Қазір орталық тек инвестициялық жобалар үшін жұмыс істеп тұр. Компания бұған дейін 2020 жылы пандемия салдарынан 3 млрд теңге кірістен қағылғанын айтқан еді.


қорғас Ашық экономика

Хабарламаларға жазылу