Қазгидромет 7 облыста ескерту жариялады

14.01.2021

Казгидромет алдағы күндері Қазақстанның 7 облысында жел, тұман және көк тайғақ болатыны жайлы дауылды ескерту жариялады. 15-16 қаңтар күндері Батыста, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай мен Солтүстік Қазақстанда секундына 20 метрден асатын бұрқасын болуы мүмкін. Ал Жамбыл облысында тұман мен көктайғақ күтілуде. Мамандар алыс жолға шықпауға, жылы киініп, мейлінше сақтануға шақырады.  

Ауа райының қолайсыздығынан кей мектептер қашықтан оқытуға көшті. Нұр-Сұлтан қаласының бірінші аусымда оқитын 9-сыныпқа дейінгі оқушылары, Қарағанды мен Қостанайда 11-сыныпқа дейінгі оқушылар, Өскемен, Екібастұзда бастауыш сынып оқушылары үйден оқиды. Саран мен Теміртауда бастауыш сыныптардан бөлек, 5,9-сынып оқушылары онлайн форматқа көшті  

Ал Атырауда баласы онлайн сабаққа қатыспағаны үшін анасы айыппұл төлейді. Бірінші курс студенті белгісіз себептермен онлайн оқуға екі ай қатыспаған. Сот, кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеудегі мiндетiн орындамағаны үшін студенттің анасына 19 446 теңге көлемінде айыппұл салды.    

Ақниет Балтанова


Хабарламаларға жазылу