«Қазгидромет» ескерту жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазгидромет» ескерту жариялады

03.01.2014
«Қазгидромет» ескерту жариялады
«Қазгидромет» РМК ел аймақтарында дауылдық ескерту жариялады. 4-5 қаңтарда Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, 4-6 қаңтар аралығында Қарағанды облысында, 5-6 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының күрт төмендеуі күтілуде.
 
Түнде температура 30-35 градусқа дейін, кей жерлерде 38-ге дейін, күндіз 23-28, кей жерлерде 31 градусқа дейін төмендейді.
 
4-6 қаңтарда Қызылорда облысында түнде 20-25, кей жерлерде 30 градусқа дейін, күндіз 15-23 градусқа дейін аяз болады.
 
5-6 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түнде 15-20, кей желерде 25 градусқа дейін аяз болады, күндіз ауа температурасы 10-15, кейбір жерлерде 18 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

Хабарламаларға жазылу