«Қазгидромет» 6 облысқа ескерту жариялады

28.03.2018

Алдағы 5 күнде Қазақстанның 6 облысын су басуы мүмкін. Бүгін «Қазгидромет» осындай дабылды ескерту жариялады. Атап айтсақ, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жаңбырдан кейін тау өзендері тасуы ықтимал. Сондай-ақ, Алматы өңірінде және қаланың өзінде болатын жауыннан өзендер арнасынан асуы мүмкін. Синоптиктер алдағы 4 күнде Павлодар аймағында да жауын-шашын болады деп болжап отыр. Сонымен қатар, Шүлбі қоймасынан шығарылатын су көлемінің ұлғаюынан және  қарғын судың жиналуынан өзен маңындағы жерлерді су басу қаупі төніп тұр. Қарағанды облысында да су деңгейі көтеріледі. Ал, Шығыс Қазақстанда күннің жылынуы мен және жауын-шашынға байланысты тау өзендері тасып, арналар бөгеліп, елді мекендер су астында қалуы мүмкін.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу