Ақтөбе әуежайына Әлия Молдағұлованың есімі берілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе әуежайына Әлия Молдағұлованың есімі берілуі мүмкін

13.01.2021

Ақтөбе қаласының әуежайына халқымыздың батыр қызы Әлия Молдағұлованың есімі берілуі мүмкін. Ұсыныс қараша айында жолданып, мәслихат депутаттары бір ауыздан қолдаған. Оны ономастикалық комиссия да құп көрген. Енді бес министрліктің келісімі қажет. Қаулы ашық талқылау үшін әкімдіктің сайтында жарияланды.   

Жақсыбек Кемал 


Хабарламаларға жазылу