Әлия Молдағұлованың еш жерде жарияланбаған фотосы табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлия Молдағұлованың еш жерде жарияланбаған фотосы табылды

18.05.2021

Ақтөбе облысында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған суреті табылды. Оны батырдың сыныптасы әрі көршісі болған Бәтима Өрбісінқызының ұрпақтары сақтаған екен.

Суреттің 90 жылдық тарихы бар. Бұл фотодан Әлияның 17 жастағы бейнесін көруге болады. Ауылдағы құрбысымен хат жазысып жүріп, бірде осы суретін қоса салған. Құнды жәдігер туралы мұражай қызметкеріне Бәтиманың баласы Батыр Нәрібайұлы айтқан. Өкініштісі, Нәрібайдың балалары аналарынан жастай қалғандықтан құрбылардың бір-біріне жазған хаттарын сақтай алмапты. Мамандар: «бұл фотода Әлияның өзі бейнеленгеніне еш күмәні жоқ», - дейді. 

Гүлбаршын Ерғалиева, облыстық тарихи-өлкетану музейінің сектор меңгерушісі:
Мәскеуден хатпен бірге салып жіберген. Бұрымы бар, басында пилоткасы, майданның алдында. Комсомол билетіне түскен сурет екен бұл. Соны ескерткіш ретінде Бәтимаға салған. Бәтимаға хатты көп жазған. Ауылдың хал-жағдайын, тыныс-тіршілігін – бәрін сұрап отырған екен.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу