Астана халықаралық әуежайына Елбасының есімі берілуі орынды шешім - Мәулен Әшімбаев

25.06.2017

Аслан Қаратабанов - тәжірибелі ұшқыш. Көкте самғап, көпке қызмет етіп жүргеніне 11 жылдан асты. «Бір ғана әуежай аты шетелдіктерге көп дүниені ұқтырып, біздің кеудемізге мақтаныш сезімін ұялатып тұрады», - дейді ол.

Ал, Александр мен Ирина Германияда тұрады. Олар Астанаға арнайы келіп, «ЭКСПО»-ны көрген. Олардың айтуынша, Елорданың әуежайы бүгінде ең заманауи әуежайлардың біріне айналды.

Айта кетсек, бұл ұсыныс елімізде соңғы бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Кезінде сенатор Дархан Кәлетаев көтерген бұл бастаманы. Көпшіліктің тілектері негізге алынып, ел ағаларының ақыл-кеңесі ескеріліп, өзге елдің өнегелері алға тартылып жақсы идея ақыры жүзеге асты.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу