«Нұр Ақтөбе» шағын ауданына 2020 жылға дейін 300 мыңға жуық адам қоныстанады

18.06.2015
«Нұр Ақтөбе» шағын ауданына  2020 жылға дейін 300 мыңға жуық адам қоныстанады

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысына  жұмыс жаспарымен барды. 

Алдымен, Қобда ауданында  Әлия Молдағұлованың 90 жылдық мерейтойына арналған шараға қатысты. Одан соң Ақтөбе қаласындағы  бірнеше әлеуметтік нысанның жұмысымен танысты.

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында бой көтерген «Нұр Ақтөбе» шағын ауданына барып, құрылыстың қарқынынан хабардар болды. 

2020 жылға дейін бұл өңірге 300 мыңға жуық адам қоныстанбақшы.

Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев  «Туған жерге тағзым» атты өңіраралық семинар жұмысына  да қатысты.  

 

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу