ЖОО мен колледждер қашықтан оқуды жалғастырады

04.08.2020
ЖОО мен колледждер қашықтан оқуды жалғастырады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында жоғары оқу орындары мен колледждерде қашықтан оқыту жалғасатынын айтты.

«Жоғары оқу орындарында оқыту негізінен қашықтан жүргізіледі. Бакалавриатта педагогикалық, IT, әлеуметтік және гуманитарлық бағыттар бойынша дәріс және семинар сабақтары қашықтан өткізіледі. Техникалық, аграрлық және табиғи бағыттар, медицина әрі өнер мамандықтары бойынша дәрістер мен семинарлардың 70 пайызы онлайн форматта, ал зертханалық және практикалық сабақтарды (30%) күшейтілген санитарлық шараларды қатаң сақтай отырып, жеке-жеке өткізуге мүмкіндік береміз», - деді министр Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрі алыс ауылдық жерлерде және шағын қалаларда орналасқан, бір топтағы студент саны 15-тен аспайтын 9 мыңнан аса студенті бар 102 колледж де штаттық режимде жұмыс істейтінін мәлімдеді.


Хабарламаларға жазылу