«Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаттарының тізімі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаттарының тізімі жарияланды

12.01.2021
«Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаттарының тізімі жарияланды

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының шешімімен 76 кандидаттан тұратын тізім бекітілді. Бұл туралы партияның ресми сайты хабарлайды. 

Жалпы, Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы Фракциясының құрамы 70%-ке жаңарды. Орташа жасы - 49, яғни 4 жылға жасарды. 

Қорытынды партиялық тізім теңдестірілген. Яғни тізімдегі 36 кандидат – праймериз жеңімпаздары, 40 кандидат Саяси кеңес Бюросының квотасы бойынша бекітілген. Бұл аймақтық өкілдікті сайлаушылар санына сәйкес пропорционалды түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Партия Төрағасының Парламент Мәжілісіндегі жастар мен әйелдердің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасы нақты іске асырылды. Яғни, «Nur Otan» Фракциясының жаңа құрамының 40%-ті әйелдер мен 35 жасқа дейінгі жастардан тұрады.

Негізінен Мәжілістегі «Nur Otan» депутаттық корпусына білім беру, денсаулық сақтау, ҮЕҰ, БАҚ, сарапшылар қауымдастығы, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және т.б. салалардың өкілдері енді.

Кандидаттар тізімі: 

1. Абақанов Елдос 
2. Абасов Қайнар 
3. Адамбаев Сырым 
4. Адамбеков Тілектес 
5. Ақышев Самат 
6. Ахметов Мәди 
7. Әбдіғалиұлы Берік   
8. Әбсеметова Әлия  
9. Әлімбаев Данияр  
10. Әмреев Ғалым  
11. Әшімжанов Жанарбек  
12. Бейсенбаев Елнұр  
13. Бекжанов Берік  
14. Бердалин Аманғали  
15. Бижанова Гүлнәр  
16. Бойчин Анатолий  
17. Елеуов Ғалымжан  
18. Елубаев Мәди  
19. Ержан Құдайберген  
20. Ерман Мұхтар 
21. Ертаев Сырым  
22. Жамалов Аманжан  
23. Жаңбыршин Еділ  
24. Жулин Юрий  
25. Зәкиева Динара  
26. Имашева Снежанна  
27. Казанцев Павел  
28. Камасова Зарина  
29. Кесебаева Балайым  
30. Ким Вера  
31. Колода Дмитрий 
32. Кучинская Юлия  
33. Қаратаев Фахриддин  
34. Қожахметов Арман  
35. Құлшар Мәлік  
36. Құсайынов Марат  
37. Құспан Айгүл  
38. Мусин Қанат  
39. Мұсабаев Самат  
40. Мыңбай Дархан  
41. Назарбаева Дариға  
42. Нақпаев Сәлімжан  
43. Нұркина Айгүл  
44. Нұрманбетова Жәмила  
45. Нұров Қанат 
46. Нұрымова Гүлдара  
47. Нығматулин Нұрлан  
48. Омарбекова Жанат  
49. Оспанов Берік  
50. Павловец Лариса  
51. Панченко Игорь  
52. Платонов Артур  
53. Раззақ Нәзиля  
54. Рақымжанов Әмірхан  
55. Рамазанова Ләззат 
56. Рау Альберт  
57. Сайыров Ерлан  
58. Сапарова Әлия 
59. Сартбаев Бауыржан  
60. Сарым Айдос  
61. Симонов Сергей  
62. Смағұл Бахытбек 
63. Смышляева Екатерина  
64. Сүлейменова Жұлдыз  
65. Сүлейменова Зүлфия  
66. Тайжанов Ерлік  
67. Ташқараев Ғани  
68. Тәжмағамбетова Мақпал 
69. Телпекбаева Жанна  
70. Торғаев Бекқали  
71. Төлепберген Мейрамбек  
72. Тұрғанов Дүйсенбай  
73. Тілеухан Бекболат  
74. Унжакова Ирина  
75. Үйсімбаев Асқарбек 
76. Шиповских Геннадий  


Хабарламаларға жазылу