«Nur Otan» партиясы атынан Мәжіліс депутаты болатын 76 адамның тізімі жарияланды

12.01.2021

«Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаттарының тізімі жарияланды. Сайлау туралы заңға сәйкес «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының шешімімен 76 кандидаттан тұратын тізім бекітілді. Тізбе Мәжілістің VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды. Осылайша Парламенттің төменгі палатасындағы партия құрамы 70%-ке жаңарды. Депутаттардың орташа жасы - 49. Тізімдегі 36 кандидат – праймериз жеңімпаздары, қалғандары Саяси кеңес Бюросының квотасы бойынша бекітілген. Жаңа құрамның 40%-ті әйелдер мен жастар. Негізінен Мәжілістегі «Nur Otan» депутаттық корпусына білім беру, денсаулық сақтау, үкіметтік емес ұйым, бұқаралық ақпарат құралдары, сарапшылар қауымдастығы, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардың өкілдері енді. 

Жазира Оразқызы  


Хабарламаларға жазылу