Алматы облысында көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен 6 млрд теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен 6 млрд теңге бөлінеді

18.04.2019

Алматы облысында биыл тұрғындарға көрсетілетін әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттен 6 млрд теңге, ал әлеуметтік жол картасына қосымша 3,4 млрд қаржы қарастырылып отыр. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында өткен конференцияда айтылды. Жетісу өңірінен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XIX съезіне қатысатын делегаттар құрамы бекітілді.

Ермек Келімсейіт, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы: 

- Президент сайлауына «Nur Otan» партиясынан бір адам ұсынылады. Соны қолдау, сайлауды жақсы өткізу мәселесі төңірегінде әңгіме болып жатыр. Бұл - күнтәртібіндегі маңызды мәселе. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу