Мәжіліс сайлауына «Nur Otan»-ның партиялық тізімі бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс сайлауына «Nur Otan»-ның партиялық тізімі бекітілді

25.11.2020
Мәжіліс сайлауына «Nur Otan»-ның партиялық тізімі бекітілді

Бүгін елордада партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен партияның ХХ Сьезі өтіп жатыр. 

 «Nur Otan» партиясының ресми сайты хабарлағандай, сьезд кезінде мәжіліске ұсынылған кандидаттардың партиялық тізімі бекітілген. Тізімде 126 кандидат бар.

«Олардың ішінде 77 кандидат партияішілік праймериз қорытындысы, ал 49 адам орталық партиялық квота бойынша анықталды», - деп хабарлаған партия сайты. 

Кандидаттардың жалпы тізімінде Парламент Мәжілісінің қызметтегі депутаттары 20%-тен аспайды, мемлекеттік басқару саласының өкілдері - 13%, білім және денсаулық сақтау саласы – 12%, үкіметтік емес ұйымдар – 9% және өнеркәсіп – 8% болды.  Сондай-ақ, экономистер – 28%, заңгерлер – 20%, кәсіпкерлер – 17%. Ал 21 үміткердің ғылыми дәрежесі бар, оның ішінде 10-ы – ғылым докторы, 11-і – ғылым кандидаты. 

Тізімнің үштен бірі – әйелдер. Кандидаттардың орташа жасы бұрынғы партиялық тізімдермен салыстырғанда 4 жылға төмендеп, 48 жас болды. Тізімдегі адамдардың аты-жөнімен партия сайтында таныса аласыз. 

Хабарламаларға жазылу