Нұр-Сұлтанда қала маңына қатынайтын 8 автобус бүгін жүрмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда қала маңына қатынайтын 8 автобус бүгін жүрмейді

08.01.2021
Нұр-Сұлтанда қала маңына қатынайтын 8 автобус  бүгін жүрмейді

Бұл туралы City Transportation Systems мекемесі әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлаған. 

«Қатты аязға байланысты, қала маңына қатынайтын 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317 нөмірлі қоғамдық көліктердің жұмысы уақытша тоқтады», - деп хабарлаған CTS.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан мен еліміздің солтүстік өңірлеріне  бірнеше күннен бері қатты аяз түсті. Төтенше жағдай қызметі халықты сақтыққа шақырып, аязды күні ұзақ жолға шықпаған дұрыс деп ескертеді. 


Хабарламаларға жазылу