Шығыс Қазақстан облысында тұрғындар мен полицейлер арасында атыс болды
Шығыс Қазақстан облысында қарулы қақтығыс кезінде бір адам қаза тапты. Үлкен Нарын кентінде жерлестерінен зәбір көрген азамат көмек сұрап полицияға хабараласады. Бұзақылардың соңына түскен құқық қорғаушылар үш күдіктіні техникалық қызмет көрсету орталығына жасырынған жерінен тапты. Алайда, олар полиция қызметкерінің айтқанына көнбей қарсы оқ атады. Жәбірленуші азамат сол жерде аяғынан жараланды. Осыдан кейін полиция қызметкері күдіктілерге қарсы табельдік қарудан оқ атуға мәжбүр болды. Оқиға салдарынан бұзақылардың екеуі жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді. Кейін біреуі ауруханада жан тапсырды.
Зарина ҰЛЫҚБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06