Димаш Құдайберген CCTV гала-концертінде ән шырқайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайберген CCTV гала-концертінде ән шырқайды

14.02.2018

Қазақтың әлемге әйгілі әншісі Димаш Құдайберген Қытай Орталық телевизиясының Көктем мерекесіне арналған гала-концертіне қатысады. Ертең өтетін кеште ол жергілікті екі әріптесімен бірге өнер көрсетпек. Бұл «үштік» бір-бірін жақсы біледі. Олар былтыр ұйымдастырылған түрлі байқауларда көпшілікке кең танылған.

Аталған телеарна тілшілерінің хабарлауынша, Димаш бірнеше тілде сөйлей алады және де оны Қытай аудиториясы өте жақсы көреді. Димаш Құдайберген алдағы концертте Юань есімді композитор жазған әнді орындамақ.

Димаш Құдайберген, әнші:

- Керемет әсердемін. Өйткені, дүлдүлдермен сахналас болу бақытына ие болып отырмын. Және де осы сәтті пайдаланып, өз тыңдармандарымды, құрметті Чжунго елін Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Сөздің шынына келгенде, бірін жасырып, бірін асырып айтатындай өнерпаздар емес. Олар мені өзіндік ерекшеліктерімен таңқалдырып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу