Байден ант беріп, қызметіне кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден ант беріп, қызметіне кірісті

21.01.2021

АҚШ-та президент Джо Байденнің инаугурациясы өтті. Ресми түрде ант берген соң мемлекет басшысы қызметіне кірісіп, бірнеше құжатқа қол қойды. Алғашқы күні-ақ Байден Дональд Трамп қабылдаған бірқатар заңның күшін жойды. Сөйтіп, Американы климат жөніндегі Париж келісімі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына қайта қосты.

Мексикамен шекарадағы қорған құрылысын тоқтатып, шамамен 11 миллиондай мигрантқа азаматтық алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бірқатар мұсылман елдерінің азаматтарына елге келуге рұқсат етілмек. Осылайша, «Күш – бірлікте» ұранын ұстанған Американың 46-шы президенті халықты жұмыла әрекет етуге шақырып отыр.

Жансая Қапасқызы


Хабарламаларға жазылу