Нұрсұлтан Назарбаев Сочи Олимпиадасының ашылу рәсіміне қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев Сочи Олимпиадасының ашылу рәсіміне қатысады

03.02.2014
Нұрсұлтан Назарбаев Сочи Олимпиадасының ашылу рәсіміне қатысады

7 ақпанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде басталатын ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады. Бұл туралы бүгінгі брифингте Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев хабарлады.
 
 Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстанның атынан 52 спортшы қатысатыны мәлім. Сочи Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының Туын алып жүру құрметіне шаңғы жарысы бойынша Қазақстанның Ұлттық құрамасының мүшесі Ердос Ахмадиев ие болып отыр.

Хабарламаларға жазылу