«Ақ жол» партиясы Оралда шаңғы жарысын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақ жол» партиясы Оралда шаңғы жарысын өткізді

30.12.2020

«Ақ жол» партиясы Оралда шаңғыдан жарыс өткізді. Осылайша саламатты өмір салтын насихаттап отыр. Ал партияның Елордадағы бас кеңсесінде тұрғындарды қабылдау өтті.  

Соңғы кезде шаңғы тебуге қызығушылық артып келеді. Оған Орал қаласында өткен дүбірлі дода дәлел. «Ақ жол» партиясының өкілдері санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, арнайы жарыс ұйымдастырды.

Бағдат Ізмағанбет, «Ақ жол» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары: 
-Шараның басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау. Пандемия кезінде денсаулықтың маңызына халықтың көзі жетті. Сондықтан «Ақ жол» демократиялық партиясы тек бизнесті қолдап қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттап, спортты да қолдайтынын осы шара арқылы дәлелдеді.  

Жарысқа қатысып жатқандардың арасында 60-тан асқан ақсақал да бар. Бас-аяғы 20-дан аса спортшы 2 шақырым аралықты бағындырды.

Ал Елордадағы бас кеңседе «Ақ жол» өкілдері сайлаушылармен кездесті. Әлеуметтік әділеттілік және сапалы білім мен медицина, тұрғын үй, лайықты жұмыстың қолжетімділігі маңызды. Сондай-ақ ақжолдықтар «жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң қабылдануы керек,-деп санайды. Кедейлікке ұшыраған қарыз алушылардың жалғыз баспанасы мен әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуын қамтамасыз ету керек дейді, партия өкілдері.   

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу