«Ақ жол» партиясы үміткерлеріне куәлік табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақ жол» партиясы үміткерлеріне куәлік табысталды

15.02.2023


Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясы сайлауға түсетін үміткерлерге куәлік табыстады. Партия атынан 54 адам Мәжіліс депутаттығына үміткер болып тіркелсе, 24 адам мажоритарлық жүйемен додаға қатысады. Олардың арасында кәсіпкерлер, әлеуметтік және мәдени саланың өкілдері мен заңгерлер бар. Жастар тарапынан да белсенділік байқалады.

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

Жақында өткен құрылтаймызда сол бағдарламамыздың редакциясын бекіттік. Енді сол бағдарламамен шығып отырмыз. Ал бағдарлама деген бұл енді жалпылама мақсат қой. Ал әрбір аймақта, әрбір салада ерекшелігі болуы мүмкін. Сол үшін ерекшеліктерді есептей отырып, әрі қарай өзіміздің жұмысымызда, әсіресе, заң қабылдайтын еңбегімізде, қызметімізде де біз онымен санасуымыз керек деп білеміз.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу