«Ақ жол» партиясы дәрігерлерге алғыс білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақ жол» партиясы дәрігерлерге алғыс білдірді

28.09.2020

«Ақ жол» демократиялық партиясы Азат Перуашев індетпен күресте жан аямай еңбек еткен шымкенттік бірнеше дәрігерді «Жанқиярлық еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Партия төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев олардың еңбегіне зор алғыс білдіріп, ұлт саулығы жолындағы міндет-мақсаттарына адалдық танытқанына айырықша рақмет айтты. Ідеттің келесі толқынына байланысты үкімет тарапынан шешімін табуы тиіс мәселелерге партия белсенді түрде араласатынын жеткізді. Сондай-ақ басқосуда саяси ұйым қатарына жаңа қабылданған азаматтарға партия билеті табыс етілді. Жиын барысында мегаполис кәсіпкерлері кездесіп жатқан қиындықтар мен шешімін таппаған мәселелер де сөз болды. 

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Кәсіпкерлікке тиісті мемлекеттік бағдарламаларға байланысты қалай іске асырылуы мәселелері қандай жетістігі бар, кемшілігі бар, сол жайында өзіміздің ағымдағы Парламенттік жұмысымыз бойынша қандай мәселе көтеру керек, осы Үкімет алдында тиісті мемлекеттік оргондар алдында не айтуымыз керек деп ақылдастық.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу