Ақтоғай ауданында 48 отбасы қоныс тойын тойлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтоғай ауданында 48 отбасы қоныс тойын тойлады

30.12.2020

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы орталығында 48 отбасы қоныс тойын тойлады. Баспаналы болғандардың дені ұзақ жыл кезекте тұрған, балалар үйінің тәрбиеленушілері және ішкі көші-қон бағдарламасы бойынша оңтүстік аймақтардан қоныс аударған азаматтар. Екі үйдің құрылысы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Еңбек» бағдарламалары бойынша салынды. Қазір Ақтоғайда 157 адам баспанаға мұқтаж. Тәуелсіздік алған жылдардан бергі уақытта ауданда алғаш рет кезек күткен тұрғындарға пәтер беріліп отыр.  

Зинат Мұхамедиярова, аудан тұрғыны:    
- Менің жұмыс істегеніме 21 жыл болды. Міне пәтер алып қуанышым қойныма сыймай жатыр. Мемлекеттік бағдарламалар жүзеге аса берсін деймін.  

Ал, Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында көпбалалы отбасылар баспаналы болды. Көптен бері үй кезегінде тұрған азаматтар үшін биыл Ақжар мен Ақсуат ауылында 48 жеке үй салынған. Жалпы, Шығыс өңірінде көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін баспана құрылысы қарқынды жүргізілуде. Тек осы жылы облыс бойынша 1 мыңнан астам отбасы қоныс тойын тойлады.  

Болат Аманбаев       


Хабарламаларға жазылу