ШҚО-да жетім өскен азаматтар баспаналы болды
Шығыс Қазақстанда ата-ана қамқорлығынсыз қалып, жетім өскен азаматтар баспаналы болды. Оларды облыс әкімі Даниал Ахметов құттықтап, пәтер кілттерін салтанатты түрде табыс етті. 5 қабатты тұрғын үй Өскеменнің жаңа ықшам ауданында салынған. Жалпы қалада соңғы жылдары баспана құрылысы қарқынды. Сонымен қатар, биыл жыл басынан бері 22 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады. Дәрігерлер мен мұғалімдер де шет қалған жоқ. Жақын арада тағы 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Ол жердегі 600 пәтердің 100-ден астамы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға беріледі.
Берік КӨШЕРБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04