ДСМ демалыс күндері санитарлық талаптарды сақтауға үндеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДСМ демалыс күндері санитарлық талаптарды сақтауға үндеді

15.12.2020

Еліміздің бас шаһары «қызыл аймаққа» енгенсе де, алдағы мереке күндері сауда-ойын-сауық орталықтары жұмыс істейді. Ал жексенбі күні керісінше дезинфекция жасау үшін жұмыс істемейді. Ал қала сыртына шығам деушілер үшін жол ашық. 

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен өткен брифингте мәлім болды. «Жасыл аймақтағы» компьютерлік клубтардың жұмысы жандануы мүмкін. Дегенмен, еліміздің бас санитарлық дәрігерінің ресми қаулысын күту керек. Сонымен бірге, министрлік өкілі демалыс күндері санитарлық талаптарды сақтауға үндеді.

Роза Қожапова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің комитет басшысы:
Халық көп жиналатын орындарға бармау, ұжымдық іс-шаралады өткізбеу және оларға қатыспау организм салқындатуына жол бермеу қашықтықпен гигиена бойынша талаптарды сақтау және құттықтау үшін қашықтан байланыс құралдарын пайдалануға шақырамын.

Фариза Мұсақызы

коронавирус

Хабарламаларға жазылу